Ж. Түймебаев Алматыда #Abai175 челенджіне қатысушылармен кездесіп, ұйғыр мәдениетінің көрмесін тамашалады

Бүгін Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған #Абай175 эстафетасына қатысушылармен кездесті.


Алматы қалалық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Қазақбай Касимов бастаған эстафета қатысушыларына ұлы ақын Абайдың кітабын сыйлыққа тарту етті. Кездесу соңында Жансейіт Қансейітұлы Абайдың 37-ші қара сөзін оқып, іс-шараға келген қонақтарға мағынасын түсіндіріп берді.


Айта кетейк, 30 мамырда «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бекітіліп, республикалық және өңірлік деңгейде 500-ге жуық мерекелік іс-шара өткізілетіні жайлы айтылған болатын. 


Соның бірі, әлеуметтік желілерде сәтті іске асырылған #Abai175 челленджін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен жастар қанаттарынан қолдау табуда. Әр түрлі ұлт өкілдері қазақ тілінде Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, әлеуметтік парақшаларда жарияланып келеді.


Күн тәртібінің бағдарламасы бойынша Ж. Түймебаевтың қатысуымен республикалық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен өзекті мәселелер бойынша кеңес өтті.

Одан кейін Достық үйінің фойесінде Ұйғыр асханасының фестивалі ұйымдастырылды. Оның барысында көрермендер назарына ұйғыр ұлттық тағамдарының (манты, әткенчай, гөшнән) жасалу жолы бойынша шеберлік сынып пен концерт ұсынылды. 

Back to the list