Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Қыркүйек, 2020

280

Қызылордада тілдер мерекесіне орай зияткерлік ойын ұйымдастырылды

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай Достық үйінде «Тілдер әлеміне саяхат» атты зияткерлік ойын өткізілді. Ойынға қалалық білім ошақтарынан 18 оқушы қатысты.

Іс-шараның мақсаты – «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасын негізге ала отырып қызықты тапсырмалар арқылы тіл үйренуге бағыттау. Өткен ойынды «Қоғамдық келісім» КММ жетекші-сарапшысы Гүлзира Сәрсенбек жүргізіп, қатысушы топтарды Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен және А.Байтұрсынұлының туған күнімен құттықтады.


Оқушылар үш кезең бойынша бақ сынасты. 1-кезең Kahoot.it - цифрлық smart сервисі арқылы қосылса, 2-кезеңде мақал-мәтелдерден жарысқа түсті. 3-кезең арнайы топ басшыларына арналған «Көшбасшылар сайысында» білімдерін ортаға салды.


Нәтижесінде бірінші орынды №10 «Білім-инновация» мектеп лицейі, екінші орынды Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей, үшінші орынды Н. Ахмадеева атындағы №112 орта мектеп иеленді, қосымша белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттармен Ж. Қизатов атындағы №23 мектеп-лицей, Н. Ахмадеева атындағы №112 орта мектеп және Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей марапатталды. Зияткерлік ойынға қатысып, белсенділік танытқан 6 топтың қатысушыларына және жетекшілеріне «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшылары Қанат Ақылбеков пен Айбек Дайрабай диплом, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Кейін қарай