Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Тамыз, 2020

234

Қызылорда: Жас филолог Елена Пак Абайдың 200 өлеңін жатқа біледі

Бүгін 10 тамыз – Абай күніне орай Қызлорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Абай қазынасына саяхат» клубы мүшелерімен онлайн кездесу өтті.

Онлайн шараның модераторы ұлы ақынның 200 өлеңін жатқа білетін жас филолог Елена Пак болды. Кездесуге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Жабал Шойынбек, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мансап» бөлімінің директоры Жетібай Рақымберді, Қармақшы ауданы №250 мектеп-лицейдің мұғалімі Альбина Гадирова, облыстық неміс этномәдени бірлестігінің мүшесі Светлана Крюгер және клубтың белсенді мүшелері қатысты.

Алғы сөзді Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Жабал Шойынбек бастап, хакім Абайдың даналығы қазақ халқын адастырмайтын - тура жол. Қайда жүрсек те, қай кезде де дәмін алған арасын іздегендей Абай шығармаларына қайта-қайта соға беретініміз, қайта-қайта оқи беретініміз. Дәмі де, мәні де зор, рухани азық екені күмәнсіз ақиқат деген ойын ортаға салды.

Ал Қармақшы ауданы №250 мектеп-лицейдің мұғалімі Альбина Гадирова Абайдың әділеттілік іліміне шолу жасады. Абай – қазақ халқының жарық шамы. Абай – шынайылық, әділеттілік үшін күрескен ғұлама, ойшыл. Ол «адам түзелмей, заман түзелмейді» деген парадигмасы заманның жақсарып, түзелуі үшін әр адамның іштегі кірден тазаруы, рухы жетілуі мен иманы нығаюы шарт, дей отырып, адамның ішкі әлемінің рахаты мен тыныштығы әділет сезіміне тәуелді екендігін айтып өтті.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мансап» бөлімінің директоры Жетібай Рақымберді ақынның тіршілік мәні туралы, өмір – өткінші, адам бірқалыпты тұра алмайды, бәріміздің барар жеріміз - о дүние, сондықтан адам болып келген соң адам қалпын сақтау өмірдің мән-мағынасын ұғындыратынын айтып өтті.

Біртуар қайталанбас тұлғаның адамзаттық, ақындық, халықтық мұрасы айтылар ойға сыймас, қыр-сыры мол дүние. Осы ретте онлайн кездесуде клуб мүшелері ұлы ақын жайлы ойларын ортаға салып, тағылымды ақпараттарымен бөлісті.


Кейін қарай