Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Шілде, 2020

245

Қызылорда: Жағыпар Тажмаханов этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов облыстағы құрылым және этномәдени бірлестіктің жетекшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Жағыпар Айтбайұлы екінші жартыжылдықтың жұмыс жоспарымен бөлісіп, алдағы атқарылар ауқымды шараларға тоқталып өтті.


– Қазақстан халқы Ассамблеясы» ұлттық бірліктің мемлекеттік саясатының сенімді тірегі, әрі тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді. Осы күнге дейін өңірлік ассамблея жұмысына оң баға берілді. Осы бағыттан таймай өздеріңізбен бірлесіп, иық тіресіп жұмыс жасаймыз деген сенімдемін, – дей келе, қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайту, этносаралық қатынастың негізі ретінде – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тағы басқа мәселелер бойынша маңызды міндеттерді бірігіп атқаратындығын алға тартты. Қазіргідей қиын кезеңде этномәдени бірлестіктің жетекшілерін арандатушылыққа жол бермеуге, осы бағытта жұмыс жасауға шақырды.

Этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен құрылым мүшелері өз кезегінде өңірлік хатшылық меңгерушісі Ж.Тажмахановқа жаңа қызметте сәттілік тілей отырып, бұдан әрі де ынтымақшылдық негізінде бірлік пен келісімді нығайтуға дайын екендерін білдірді.


Кейін қарай