Тимур Жұмырбаев: Өз жетістіктерімді Елбасының атымен байланыстырамын

Кеңес Одағының ыдырауы бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуын алдын ала анықтады. Көптен күткен егемендікті алғаннан кейін, барлық посткеңестік кеңістік дербес мемлекеттік құрылыс пен елдің экономикасын басқару тәжірибесінің жоқтығынан туындаған ауыр экономикалық және саяси қиындықтармен кездесті. Қиын кезеңдерде Бірінші басшының бойында саяси ерік-жігері болуын талап етті, өйткені ол ел тағдыры үшін жауапкершілікті өзіне алатын еді. Бұл жағынан Қазақстанның жолы болды, себебі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап мықты, көреген болды.

90-шы жылдары мемлекеттік институттар үшін алғашқы сынақ басталды. Алғаш рет ел нарықтық рельстерге тұрды, сауда серіктестерімен іскерлік қарым-қатынас жасалды, ел экономикасына алғашқы инвестициялар тартылды. Дегенмен де Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ауыр болды, жалақы кешіктіріліп, халықты әлеуметтік қолдау шаралары болмады. Осы кезеңде Тұңғыш Президент «алдымен экономика, содан кейін саясат» қағидатын ұстана отырып, өте жауапты қадам жасайды. Мұндай шешім ел экономикасының өсуіне ықпал етті, шағын және орта бизнес нысандары қолдау тапты, қазақстандық нарыққа ірі шетелдік компаниялар кірді. Елге ірі инвестициялар түсе бастады.

Тұңғыш Президенттің келесі қадамы – астананы Ақмола қаласына көшіру. Ол кезде Елбасының батыл шешіміне ешкім сенбеп еді, не болса да бұл болашақтың еншісінде деп ойлаған еді көпшілік. Бірақ өмір көрсеткендей, астананы көшіру ұзаққа созылмады. Бүгінде Еуразия жүрегінде 20 жыл ішінде салынған заманауи мегаполис пайда болды. Қазақстанның жаңа астанасы көркейіп бой жетті. Бір ғана адам сенген бұл жоба ендігі бүкіл елдің мақтанышына айналып отыр. Шет елдерге шыққанда, біз бірінші кезекте Елордамызды көрсетеміз, ол өзінің сұлулығымен таңғалдырады. Бүгінде Қазақстанның астанасы ірі халықаралық іс-шараларды өткізу орталығына айналды, мұнда Орталық Азиядағы жетекші медициналық және білім беру мекемелері салынды, қаржы және технологиялық орталық құрылды. Осының барлығы Қазақстан халқының еңбегін, сондай-ақ Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен батылдығын дәлелдейді.  

Елбасы халықаралық қауымдастықтың ықпалды қатысушысы ретінде елдің тыныштығын сақтауға көп күш салды. Бүгін біз Таяу Шығыстың мәселелеріндегі медиаторы, еуразиялық интеграция идеясының қозғаушысы, ядролық қарусызданудың әлемдік қозғалысының бас идеологы болып табыламыз. Шетелде мен әрдайым «Сіздердің Назарбаевпен жолдарыңыз болды» дегенді жиі естимін. Сондықтан да өз жетістіктерімді Елбасының атымен байланыстырамын. Мен Тәуелсіз Қазақстанда туып, өніп-өстім, еліміздің барлық жетістіктерін көрдім, жақсы білім алдым және сүйікті ісіммен айналысуға мүмкіндігім бар. Мен Қазақстанда өзімді барлығымен тең құқылы сезінемін, өйткені мұнжда этникалық немесе діни тиістілігіне қарамастан өсу мен өзін-өзі жүзеге асыру үшін толық әрі бірдей мүмкіндік пен жағдай жасалған.

Қазақстан – жастарды шынайы қолдайтын ел. Елбасы Жастар жылы деп жариялаған 2019 жыл ірі әлеуметтік жобаларды іске асыруға және бастауға ықпал етуде: студенттерге арналған жатақханалар құрылысы, озық білім беру тәжірибелерін қолдану, «Жас маман» бағдарламасы. Бұл бастамалар жастарға бәсекеге қабілетті болуға және сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Мен Қытайда колледжде оқып, жоғары білім алу үшін Қазақстанды таңдадым. Мен өз болашағымның жарқын екеніне сенемін, қолдауды сезінемін және елім менің жетістіктеріме мүдделі екенін білемін. Осылай көптеген жас қазақстандықтар айта алады.

Халықтың әл-ауқаты мен тұрақтылығы кез келген мемлекеттің табысты дамуының шарттары болып табылады. Көркейген Қазақстан Тұңғыш Президенттің тәжірибелі саясаты мен стратегиясының арқасында қалыптасты.

Тимур Жұмырбаев,

ҚХА «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы


Back to the list