Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Қыркүйек, 2020

162

Сыр өңірінде отбасы күніне орай іскер әйелдер бас қосты

Отбасы күніне орай Қызылорда облыстық іскер әйелдер қауымдастығы және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесе отырып, көпбалалы аналармен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге қатысушылар отбасы мәртебесін арттыру, бала тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлі, отбасы бақыты мен берекесі туралы мәселелерді талқылады.

Барлық қонақтар бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырған, отбасындағы махаббатты, келісімді, берекелі жанұяның керемет салт-дәстүрлерін құрметтей білген әйелдер. Бұл отбасылардың барлығын үлгілі деп атауға болады, себебі олар ұрпақтар сабақтастығын сақтай алған жандар.

Кездесу соңында әрбір қатысушыға естелік ретінде сыйлықтар табысталды.


Кейін қарай