Сауд Арабиясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жұмысын жоғары бағалайды

«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» Басқарма Төрағасы Алтай Әбибуллаев пен Сауд Арабиясының Ислам істері жөніндегі министрінің орынбасары Юсуф бен Мұхаммед бен Саидтің кездесуі өтті.

Оның барысында әлемде дінаралық диалогты дамыту бойынша жаһандық келісім құру алаңы ретінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін ұйымдастыру және өткізуде Қазақстанның үлесі мен жетістіктеріне жоғары баға берілді.


Басқарма Төрағасы бейбітшілік пен тұрақтылықты ең маңызды құндылық ретінде сақтау қажеттігіне ерекше назар аударды: «Съезд дінаралық кездесулердің ғана емес, діни және саяси лидерлердің диалог құру алаңына айналды. Мұндай белеске өту заманауи қауіп жағдайында діни лидерлердің рөлін айқындауда үлкен маңызға ие».

Алтай Әбибуллаев министрліктің дінаралық диалогты дамытудағы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі жұмысына, сонымен қатар, Сауд Арабиясы Королдігі Ислам істері, насихат және тәлім беру министрлігінің Діни көзқарастар және маусымдық бағдарламалар Департаментінің Бас директоры Мұхаммед Абдулуахед әл-Арифидің Съез Хатшлығының 18-отырысына қатысудағы рөлін ерекше атап өтті.

Кездесу нәтижесі бойынша тараптар дінаралық диалогты дамытуда өзаратиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілігі мен қызығушылықтарын танытты.


Back to the list