Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Ақпан, 2020

1155

СҚО: ҚХА-ның еріктілері медиацияның әдістері мен техникаларымен даулар мен жанжалдарды моделдеуді үйренуде

Солтүстік Қазақстан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Гүлбақша Мұсабаева аудиториямен жанды диалог түрінде қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы медиация институтының ұғымымен, қағидаларымен және заңнамалық негізімен таныстырды.


Семинар-тренингке қатысушылар жанжалды жағдайлардың сюжеттері желісінде бейнефильмдерді тамашалады. Оның барысында Г. Нұрмұқанқызы еріктілерді медиация процедурасының әдістері мен техникаларының көмегімен даулар мен жанжалдарды моделдеуге үйретті.


Семинар-тренингтің басты сәті «іскерлік ойын» болды. Медиатордың және медиация тараптарының рөлі бөлініп, дау-жанжалды жағдайлар мен оларды Тараптармен келіссөздер жүргізу жолымен реттеу орын алды. Гүлбақша Мұсабаева «белсенді тыңдау», фокус кездесулер өткізу және т. б. техникаларға үйретті.


Семинар қатысушылары медиацияны қолданудың маңызды сәтін - дау-жанжалды жағдайға кіргеннен гөрі, оны алдын алу тиімдірек екенін түсінді.

Ең бастысы, медиация техникасы еріктілерге олардың жұмысында, олар әртүрлі ерекше жағдайларға тап болғанда қажет.

Кейін қарай