«Радуга» орыс әндері ансамбліне - 2 жыл

Елордалық Достық үйінде «Лад» РСҚ астаналық филиалының «Радуга» орыс әндері ансамблінің 2 жылдық шығармашылық кеші өтті.


Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова және «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұралы Айдашев этномәдени орталықтың жұмысы мен ансамблдің 2 жылдан бергі еңбегіне тоқталды.

Кеш шымылдығы «А ну-ка, девушки» әнімен ашылды. Одан кейін «Златая Русь», «Эх, казаченьки!», «Шел казак», «Шолпан», «Семечки» және тағы да басқа әндер шырқалып, этномәдени орталықтың жексенбілік мектеп шәкірттері «Калинка», «Масленица», «Көктем шуағы» билерін көрермен назарына ұсынды. Одан бөлек кештің басты ерекшелігі ретінде «Лад» асамблінің қазақтың «Қырқынан шығару» дәстүрін сахналауын атап өтуге болады.


Back to the list