Оралда Қазақстан-Әзірбайжан достастығына арналған аллея бой көтермек

Орал қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бирлик» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің қолдауымен болашақта ашылатын шағын саябақтың негізі ресми түрде қаланды. 


Оған облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы қатысып, Зашаған кентіне қарасты Әзірбайжан көшесінде орналасқан бұл мекен болашақта, аталмыш аудан тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына, мәдени-тынығу орталығына айналатынына сенім білдірді.


«Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. 130-дан астам ұлт бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Өлкеде әжірбайжан ұлтының өкілдері де тұрады. Бүгін ежелден келе жатқан Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы сыйластықтың құрметіне достық бұрышы ашылып отыр. Енді әзірбайжандық озық сәулетшілердің көмегімен ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін демалыс бағын көркейту жұмыстары қолға алынбақ», - деді Әзірбайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Мамедов.


Back to the list