Орал қаласында дәстүрлі Сорочинск жәрмеңкесі өтті

Батыс Қазақстан облысы аумағындағы күллі украин ұлтының өкілдері бас қосқан Сорочинск жәрмеңкесі жыл сайын күз айында орақ науқанынан кейін ұйымдастырылатын дәстүрлі шара.


Шараның ресми ашылуында сөз сөйлеген Батыс Қазақстан облысының «Еднання» украин этномәдени қоғамының басшысы Виктор Тарасенко бұл дәстүрлі шараның укранин халқы үшін тұрмыстық маңызы туралы баяндады. 


Жәрмеңкеге қатысушылар облыстың барлық аудандарынан келді. Виктор Ивановичтің айтуынша, бүгінде БҚО-да 12 мыңға жуық украин ұлтының өкілі тұрады. Олар негізіннен Теректі, Бөрілі, Шыңғырлау, Тасқала, Бәйтерек аудандарын қоныстанған. Және облыстағы әр ауданда этномәдени орталықтар жұмыс жасайды.


Жәрмеңкеге қатысушы барлық аудандық ұжымдар дастархан жайып, келушілерге ұлттық тағамнан және өз бақшаларында өсірген дақылдар мен жеміс-жидектерден дәм ұсынды.  


Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚХА төрағасының орынбасары Гайса Капаков жәрмеңкенің ашылуымен құттықтап, ел бірлігін ту еткен Қазақстанда барлық ұлттар мен этнастардың бірі-бірінің дәстүрлі, ұлттық меркелерін бірлесіп тойлауы – достық пен татулықтың, елде жүргіліп отырған ұлттық саясаттың жемісті табысы деді. 


РФ-ның Орал қаласындағы вице-консулы Владимир Волков «Сорочинск жәрмеңкесін» ұлы жазушы М.Гогольдің туындыларымен байланыстыратынын айтты. 


«Бұл мереке Ярослав Мудрый билік құрған дәуірден бастап тойлана бастады. Мұнда барлық ұлт өкілдері бір-бірінің дәстүрімен, мәдениетімен танысуда. Оралдық укриндердің күллі халыққа мереке сыйлағаны шын қуантады», - деді Владимир Волков.  


Украин диаспорасы әзірлеген концерттік бағдарлама көрермендердің көңілінен шықты. 

Өнерпаздардың барлығы да ел ішінен шыққан қарапайым еңбек адамдары мен жастар. Олардың ішінде Переметное ауылынан келген «Родничок» балалар ансамблі, Орал қаласының атынан шыққан «Теректиночка» вокал тобы мен «Адажио» би ансамблі, музыкант және журналист Злата Удовиченко, Бәйтерек ауданынан «Риченька» тобы, Бөрілі ауданынан И.Семиненко мен А.Демченко, Тасқала ауданынан «Надежда» халықтық тобы және облыстық «Еднання» қоғамының «Берегиня» халықтық хоры өнер көрсетті.


Бөрілі аудандық «Хуторок» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Алексей Ганенко Сорочинск жәрмеңкесіне жолдың шалғайлығына қарамастан, бірнеше жылдан бері үздіксіз қатысып келе жатқанын айтады. 


«Әрбір адам өзінің шыққан тегін білуі керек, сондай-ақ, ол туралы балалары мен немерелеріне айтып, оларға өз халқының мәдениеті мен дәстүрін аманаттауы керек деп ойлаймын, – дейді Алексей Григорьевич. 


– Өз отбасымызда украин дәстүрін құрметтеп, бізге ата-анамыздың тәрбиесімен берілген ұлттық құндылықтарымызды сақтауға тырысамыз. Ассамблея бізге әр ұлттың дәстүрімен, мәдениетімен бөлісуге тамаша мүмкіндік берді. 


Сонықтан, біз жәрмеңкеге жердің алыстығына қарамастан, бір-бірімізбен бас қосып, шүйіркелесу үшін келдік.



Back to the list