ҚХА үздік ғылыми жоба конкурсын жариялайды

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жоба конкурсын жариялайды. 

Рухани жаңғыру басымдықтарын ескере отырып, Ассамблея институтын нығайту жөніндегі міндеттерді іске асыру аясында оның қызметін жетілдіруге, тиімділігін күшейтуге бағытталған, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жобаға Конкурс жарияланады.

Конкурсқа қалың жұртшылықтың мүдделі өкілдері қатыса алады.

Конкурсқа бір автор немесе авторлық ұжым дайындаған жобалар қатыса алады. Жобалар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

Байқауға қатысу үшін конкурстың ережесімен танысыңыз және өз өңіріңіздегі «Қоғамдық келісім» КММ-ге хабарласыңыз!

Анықтама телефондары: +7 (7172) 74 12 88, 74 12 28.

Конкурстың Ережесі мен қатысуға өтінімді ОСЫ жерден көруге болады

Back to the list