Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Шілде, 2020

303

ҚХА: Ұлттық домбыра күніне арналған онлайн конференция өтеді

2020 жылғы 4 шілде күні сағат 12.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен онлайн форматта ұлттық Домбыра күніне арналған онлайн-конференция өтеді.

Белгілі мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткерлері, шетелдегі Қазақстанның дипломатиялық миссиялары мен қазақтар қауымдастығының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен Ассамблея жастары қатысады.

Онлайн-конференция барысында Оңтүстік Африка, Франция, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. мемлекеттерден қосылатын қатысушылардың бір уақытта домбырада «Балбырауын» күйін орындау флешмобы күтілуде.

Шара қатысушыларына ZOOM конференц-платформасы арқылы онлайн режимде қосылуға арналған сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/89406075496.

Сондай-ақ, конференцияны онлайн көруге ниет білдірген қонақтар үшін сілтеме: https://www.facebook.com/assemblykaz/.

Кейін қарай