ҚХА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ЕЛОРДА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтайды! 

Бұл – баршамызға ортақ жалпыхалықтық мереке. 

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың елорданы ауыстыру туралы батыл шешімі Еуразияның жүрегінде жаңа қаланың, ару астананың бой көтеруіне жол ашты.

Қазақстанның жаңа астанасы Тәуелсіздіктің, Қазақстан халқының қайта өрлеуі мен рухани кемелденуінің нышанына айналды. 

Бүгінгі таңда сәні мен салтанаты жарасқан Нұр-Сұлтан шаһары – әлемдегі ең жас астаналардың бірі. Қысқа мерзім ішінде ірі халықаралық іс-шаралар мен айтулы оқиғалар орталығына айналған әсем қалаға келетін туристер мен қонақтар легі көбеюде.

Еңселі елордамыз татулық пен келісімнің астанасы мәртебесін иеленген. Оның бейбітшіліксүйгіш рухында Шығыс пен Батыстың сан ғасырлық өркениеті қабысып, Қазақстан халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрлері көрініс тапқан. 

Құрметті қазақстандықтар!

Айшықты мереке қарсаңында біздің шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар! 

Айбынды астанамыз гүлдене берсін! 

Ел іргесі аман, әр отбасында бақыт, құт-береке болсын, өмірлеріңіз ертеңгі күнге деген сенімділікке толы болсын! 

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Back to the list