Ибрагим Масанов: Елбасы Ұлы далада бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүруге жағдай жасады

Отыз жыл бойы қазақстандықтар өзгелер тамсанатын бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді. Бұл – біздің мақтанышымыз!

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек біздің елдің тарихына еніп қана қомай, аты әлемге әйгілі болды. Өйткені ол жаһанға үлгі болып отырған мемлекетті қалады.

Бүгінде Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлт өзінің осы елдің азаматы екенін мақтан етеді. Елбасы осы жылдарда халықтың татулығы мен жарасымдығы келісті болуы үшін барын салды.

Мен 2017 жылы Еуропаның барлық шығыс аймағын аралап шықтым, артынша 2018 жылы батыс жағын араладым. Қай жерде болмасын Қазақстан мен Президент туралы әңгіме қозғалатын. Ол жақтарда Елбасы туралы оң пікір қалыптасқан, яғни, Қазақстан бейбіт ел, әлем бізді ақ пейіл, қонақжай деп таниды.

Қазақстан қашанда әлемді тұрақтылық пен қоғамдық келісімге шақырып, толеранттылықтың ұстанымын байқатты. Өзімді таңданысқа түсірген еуропалықтардың жағымды пікірі Елбасының, мемлекеттің айбындылығының асқақ екенін байқатты.

Елбасының даналығы әлемдік деңгейде аталып, тұрақтылық жайындағы мәселелер отанымызда талқыланды. Елдің әл-ауқаты, ішкі және сыртқы саясаты тұрақты.

Біз, Қазақстан халқы, Елбасына Ұлы даламызда бір шаңырақта тату өмір сүру үшін жағдай жасағаны үшін алғыс айтамыз!

Ибрагим Масанов,

ҚХА мүшесі,

 «Қазақстан дұнғандарының қоғамы» АБ 

жастар қанатының төрағасы


Back to the list