Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қыркүйек, 2020

339

Биыл кәріс халқының отбасылық Чхусок мерекесі Қарттар күнімен сәйкес келді

Жыл сайын дәстүр бойынша бүкіл әлемдегі кәрістер ең маңызды отбасылық кәріс мерекелерінің бірі – Чхусок - астық мерекесін атап өтеді. Онда адамдар жақындарымен уақыт өткізіп, демалып, дәстүр бойынша ата-бабаларына құрмет көрсету үшін тәтті дастархан басына жиналады.


Биылғы жылы Чхусок Қарттар күнімен сәйкес келеді. Әдетте бұл күні Нұр-Сұлтан қаласындағы кәрістер этномәдени бірлестігі Қазақстанның этникалық кәрістерінің қарт тұрғындары үшін мерекелік көңіл-күй сыйлайтын. Ән айтып, би билеп, түрлі концерттік бағдарламалар ұсынылатын. Алайда, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты этномәдени бірлестік бұл іс-шараны қажетті деңгейде өткізе алмады.

Соған қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының кәрістер ЭМБ елордалық қарттарға азық-түлік пен COVID-19-дан қорғану құралдарын үйлестірді. Азық-түлік себетіне 5 кг ұн, түрлі жарма, қант және өсімдік майы қосылды. Қорғаныс құралдары да берілді: маскалар мен қолғаптар, түрлі дәрумендер.


Аталған іс-шара аясында 80 жастан асқан 70-ке жуық егде адам қамтылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы жалғызбасты қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары осындай қолдауға ие болды.

Кейін қарай