Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Шілде, 2020

417

«Балаларым бесік жырымен ұйықтайды»

Біз ешкімге күш көрсетіп, зорлықпен тіл үйретуге құқымыз жоқ, бірақ әр қайсымыз әр азаматтың, әр қазақстандықтың санасында тілге деген құрметті арттыруға мұрындық бола аламыз.

Дегенмен, мемлекеттік тілді біле тұра мемлекетке пайдасы тимейтін болса, ол адамдардың тіл білгенінен не пайда деп ойлаймын. Сондықтан мемлекеттік тілді дамыту бағдарламаларына талантты, дарынды, нақты жұмыс атқаратын жастарды, тіл жанашырларын көптеп тарту керек. Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің жоғары оқу орындарына түсуіне қосымша гранттар бөлінсе, магистратураға түсуге көмек болса, нұр үстіне нұр болар еді. Менің де қосымша басқа мамандықтарды игеру үшін білім алғым келеді.

Қазір отбасымда жасқа толған егіздерім бар. Дүние есігін ашқалы бесік жырын қосып ұйықтатамын. Қазір олар қазақтың әсем әуезді әндерін ести қалса, қосылып билей жөнеледі. Бала жастан тілге, әнге, салт-дәстүрге, мәдениетке деген қызығушылығын оятсақ, болашақта көңілі ояу, санасы сергек жастар өседі деп ойлаймын.

Ирина Суетина,
Орал қаласындағы №26 мектеп оқытушысы


Кейін қарай