Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Ақпан, 2020

897

БҚО: Оқу мекемелері «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясына қосылды

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы эстафетасын тапсыру шаралары Батыс-Қазақстан облысының жоғары, арнаулы оқу орындарында және жалпы білім беретін мектептерде басталып кетті.

Орал қалалық №1, №9, №18 жалпы білім беретін орта мектептердің жанынан құрылған достық клубтарының ұйымдастыруымен «Елбасы жолымен», «Ұлы халық» тақырыптарында дөңгелек үстелдер және ашық тәрбие сабақтар өткізіліп, кітаптар көрмесі мен оқу конференциялары ұйымдастырылды.

Шара барысында балалар Елбасының еңбек жолы мен өмірі және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жыл ішінде атқарған жұмыстарымен тереңірек танысты. Тарих үшін азды-көпті осы уақыт ішінде Ассамблея мүшелері ауқымды шаралар ұйымдастырып, ұлтаралық татулықтың нығаюына септігін тигізді.

Еліміздің әлемге сыйлы, бай да бақуатты мемлекет болуына Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан зор үлесін өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында қалалық білім ордаларында өткізіліп жатқан шаралардың бұл бастамасы ғана, дейді ұйымдастырушылар.

Кейін қарай