Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қыркүйек, 2020

227

Атырауда мерейтой иесі Вячеслав Афанасьевке қошемет көрсетілді

Атырау қаласындағы облыс әкімдігінің ғимаратында өңірге, республикаға танымал өлкетанушы, тарихшы, педагог, археолог, зерттеуші және қоғам қайраткері, сондай-ақ, Атырау облысы ҚХА мүшесі мен «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Вячеслав Афанасьевтің 80 жасқа толуына орай марапаттау рәсімі өтті.


Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, Атырау облысы ҚХА өкілдері мен мүшелері, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Сәния Кемелова марапат иесіне құрмет көрсетіп, құттықтау лебіздерін жеткізді.


Вячеслав Афанасьевтің облысқа сіңірген еңбегі туралы әсерлі ой қозғаған «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев: «Вячеслав Константинович өңірімізде жарты ғасыр бойы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге бағытталған үлкен ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. Көп жылдық кәсіби қызметінің барысында Атырау облысының ежелгі тарихын зерттеуге көп күш жұмсаған жандардың бірі» деп, өлкетанушының тынымсыз еңбегіне зор алғысын білдірді. Сонымен қатар шара барысында өлкетанушы Вячеслав Афанасьевтің жарық көрген екінші басылымы - «Топономический словарь Атырауской области» сөздігінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Бүгінде зейнеткерлік жасына қарамастан, Вячеслав Константинович өңірлік тарихты зерделеуде, мәдени-тарихи ескерткіштер мен нысандарды қалпына келтіру мен сақтауда өзінің сүйікті жұмысын жалғастырып келеді.


Кейін қарай