Алматыда Альпиниада аясында жастар Нұрсұлтан мен ҚХА шыңына көтерілді

Алматыда дәстүрлі жыл сайынғы «НҰРСҰЛТАН ШЫҢЫ-2019» альпиниадасы өтіп, биыл ол Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына және Астана күніне орайластырылды.

Альпиниада жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.

70645e63-7a3b-4e81-9628-3289195103f4.jpg

Альпиниада бағдарламасында – 2А санаттағы қиындық (4376 м.) бағыты бойынша Нұрсұлтан шыңына дәстүрлі жаппай шығу және 2018 жылы әзірленген жаңа бағыт бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының шыңына (Физкультурник) 1А санаттағы қиындық (4068 м.) бағыты бойынша жаппай шығу. Екі биік бір тау жотасында орналасқан.

Рис. 1а.png

Альпиниадаға 16 жас және одан үлкен жастағы барлық ниет білдірушілер қатысты. 12 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған қатысушылар тек ата-анасының бірінің еріп жүруімен ғана қатысуға жіберілді.

Биылғы жылы ҚХА шыңында Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы қаласы әкімдігі мен альпинизм федерациясының өкілдері естелік тақтайша орнатты.

Рис.3.jpg

Back to the list