АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕЛОРДА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ

Талдықорған қаласындағы Тіл Сарайында Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастыруымен елордамыз Нұр-Сұлтан күніне арналған «Әлем таныған Нұр-Сұлтан» тақырыбында ақындар мүшәйрасы өтті.

Мүшәйраның мақсаты – елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы алатын орнын, бүгінгі келбеті мен жеткен жетістігін дәріптей отырып, елдік құндылықтарымызды шығармашылық тұрғыда насихаттау.

IMG_5652.JPG

Сонымен қатар, іс-шара Жетісу өңіріндегі әдеби таланттардың шығармашылығына, соның ішінде жас таланттардың ізденісіне қолдау көрсету, өңірде тұратын, қазақ тілін жетік меңгерген этнос өкілдерінің шығармашылық белсенділігін арттыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейте отырып, өзге этностардың да тілін дамытуға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

IMG_5822.JPG

Мүшәйра жастардың бойындағы Тәуелсіз Қазақстанның, Астананың тарихын білуге деген құштарлығын, отаншылдық сезім мен адамгершілік жауапкершілігін оятуға, көркем әдебиетке, поэзияға деген құрмет сезімін қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған.

Сайыстың шарты бойынша астанамыз Нұр-Сұлтан қаласына арнау тақырыбында міндетті бір өлең, сонымен қатар, жастарға және еркін тақырыптағы шығармаларымен Көксу, Ескелді, Ақсу, Алакөл, Сарқан, Іле, Талғар, Кербұлақ,Панфилов, Балхаш аудандары мен Алматы, Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларынан ақындар қатысты.


Қатысушылардың шығармаларын облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, Алматы облыстық Жазушылар Одағының төрағасы Ерлан Жүніс, Жангелді Немеребаев, облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Гүлжан Тұрсын бағалап, шешімін шығарды.

Тартысты бәсекеде бас жүлдені Панфилов ауданынан Еркін Ғапу иеленді. Шара соңынан барлық қатысушылар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Back to the list