28 МАУСЫМ – БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің кәсіби мерекесін ресми түрде атап өту туралы Жарлыққа қол қойды.

Twitter-дегі ресми парақшасында Мемлекет басшысы «бұл қоғамды дамытудағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін ескеретін әділ шешім болады» деп жазды.

2020 жылдан бастап Қазақстанда Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні 17 мамырда, ал бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні 28 маусымда атап өтілетін болады.

«Assembly.kz» сайтының редакциясы әріптестерді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, шығармашылық биіктерді бағындыруда күш-жігер, сапалы контент және қызықты жобаларға қол жеткізуде шығармашылық табыс тілейді!

Back to the list