2020 жылы таталардың республикалық Сабантойын Шымкентте өткізу ұсынылды

Өткен демалыс күндердің бірінде Қазақстан халқы Ассамблеясы сарайының шаңырағының астында Шымкент қаласының татар-башқұрт этномәдени орталығы ұйымдастырған «Чак-чак байрам» достық мерекесі өтті.


Іс-шараның басты кейіпкері - Чак-Чак ұлттық тәтті тағамы - қала тұрғындарын татулықта және келісімде өмір сүруге деген ынтасы біріктірді.


Шымкенттегі татар мәдениеті орталығының жетекшісі Ася Мұхамедова өз сөзінде қонақжайлылық пен тату көршіліктің және дәстүрлі бауырластықтың дәстүрлерін бейнелейтін Чак-Чак Байрам мерекесі 2020 жылы - Шымкент Достастық елдерінің мәдени астанасы болатын жылы қарсаңында ұйымдастырылғанын атап өтті.


Осыған байланысты келесі жылы республикалық Сабантойды Шымкент қаласында өткізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс та енгізілді.


Фестиваль барысында «чак-чак» өндірісі бойынша байқау өткізілді. Көрмеге «Чак-Чактың» 26 ​​түрі қойылды. «Саукеле» деген атпен әзірленген чак-чак тағамы жеңімпаз танылды. Айта кету керек, татар қолөнершілері дайындаған ұлттық тағамдардың әр шедеврі гүлдер мен бал түрлерімен безендірілді.


Татар халқының тіліне және мәдениетіне арналған жиын барысында оның қатысушыларына татар-башқұрт халқының тілі мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, мерекелері, ұлттық тағамдары, Қазақстандағы татарлар туралы баяндамалар ұсынылды.


Түрлі этностар өкілдерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Қойылымдар мерекелік көңіл-күйді ажарландыра түскендей болды.

Шымкент татар-башқұрт орталығының белсенділері алғыс хаттар алды.


«Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалына қатысты келетін болсақ, бүгінгі таңда оның төрағасы Фарит Аюпов. Орталық Түркістан облысы Кентау қаласында орналасқан.

Тарихи мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда татарлар мен башқұрттар 18 ғасырда пайда болған. Олар бұрынғы КСРО-ның басқа халықтары сияқты Қазақстанның солтүстік аймақтарына тың және тыңайған жерлерді игеруге келген.


Облыстық татар-башқұрт мәдени орталығы 1995 жылдың 21 қарашасында құрылды.

Ресми деректерге сәйкес облыста 8053 мыңнан астам татар және сегіз жүзден астам башқұрт этностары тұрады. Көптеген татарлар Кентау, Мақтаарал және Сарыағаш аудандарында қоныстанған.

Орталықта «Сабантуй», «Наурыз», «Ораза байрам» мерекелеріне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады, соғыс ардагерлеріне қошамет көрсетіледі.


Орталық жанынан би ұжымы мен вокалдық топ құрылып, жастар қанаты мен Аналар кеңесі жұмыс істейді. Орталық барлық іс-шаралар мен мемлекеттік мерекелерге белсене атсалысады.

Бірлестіктің негізгі мақсаты – ұлттық тілді, мәдениетті, дәстүрлерді дамыту, әр түрлі этностар арасындағы достық, бірлік пен келісімді нығайту. Қазіргі уақытта өз этносының болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыратын татарлар мен башқұрттар егеменді елдің әл-ауқатын арттыру жолында түрлі салаларда жемісті еңбек етуде.


Шымкентте жексенбілік мектеп жұмыс жасайды, оған қатысушылар саны – 35. Этномәдени бірлестікте «Замандашлар» ансамблі мен «Умырзая» балалар ансамблі жұмыс істейді. Бірлестікке жыл сайын облыс әкімінің Гранты бөлінеді, түрлі іс-шараларға облыс бюджетінен қаржылай көмек көрсетіледі.


Back to the list