Жамбыл облысында жас көшбасшылардың форумы өтті

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері Меркі ауданындағы тау бөктерінде орналасқан демалыс орталығындағы аймақтық «Жастар шақырады» форумына қатысты. 

Аталмыш форумға «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері іріктеліп алынды.

 

«Жастар шақырады» форумы дарынды жастардың шығармашылығын анықтауға, қолдауға және көтермелеуге, қазақстандықтардың жас буынын мәдени-рухани тәрбиелеуге, қазақстандық бірегейлікті, қоғамдық келісімді қалыптастыруға және мемлекеттік тілді оқыту арқылы халықтың бірлігін нығайтуға бағытталған.

Үш күн ішінде жастарға түрлі ойын сауықтық бағдарламалар ұйымдастырылып, семинар-тренингке қатысты. «Ораторское искусство и леторское мастерство» тақырыбында «Елім-ай Достық» қоғамдық бірлестігінің басшысы Полина семинар-тренинг өткізді.

Сондай-ақ, «Қазақтану» бағдарламасы аясында әр этнос қыздары арасында қазақтың ұлттық тағамы «Қуырдақ» пісіруден шеберлік сыныбы өткізілді. Ал, ер балаларға жоғары санатты аспаз мүшелеп ет бөлшектеудің қыр-сырымен бөлісті.


Back to the list