САЛЖАНОВ Исламбек Төлеубайұлы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

1969 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Ақтөбе медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы.

«Алтын жүрек» Ұлттық Қоғамдық Сыйлығының жеңімпазы (2011 ж.), «Білім меценаты» алтын медалінің иегері (2012 ж.), «Жыл кәсіпкері» халықаралық байқауының жеңімпазы.

И. Салжанов Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық және меценаттық көмек қызметтеріне белсенді қатысады. Ол «ҚХА-ның қайырымдылық жол картасы», Ақтөбе қаласындағы «Аналар үйі» бағдарламасы, Моңғолиядағы қазақ мектебін жөндеу, Хьюстонда қазақ тілін үйрену орталығын ашу сияқты және т.б. жобаларды қаржыландырды.  

Қазақстандағы 100 жаңа есім тізіміне енген.