You are here

Тәжік тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні

07.10.2016, 17:20   406

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін Сарыағаш ауданында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында тәжік этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті.

Іс-шарада Қазақстан халқы Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов барша қатысушыларды құттықтап, қоғамдық келісім мен тұрақтылық –біздің басты ұстанымымыз болуы тиіс екендігін айтып өтті.

Өз кезегінде облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Акабай Құдайқұлов Қазақстанда әрбір этностың өз тілі мен мәдениетін сақтауына және дамытуына барлық жағдай жасалғанына ризашылығын білдірді. 

Салтанатты  жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстанда 35 мыңнан астам тәжік этносының өкілдері тұрады.  Облыста 1995 жылы ашылған тәжік этномәдени бірлестігі ел бірлігін бекемдеу, қоғамдық келісімді сақтау бағытында өңірде атқарылған барлық кешенді іс-шаралардың белсенді қатысушысы болып келеді

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15