You are here

Шығармалар байқауы

25.11.2016, 11:11   489

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 24 қараша күні сағат 11.00-де Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында шығармалар байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының аясында, сонымен қатар «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ТҰҒЫРЫ» іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Байқауға  7, 9, 10, 11 сынып оқушылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, ерікті жастар қатысты.

Байқаудың мақсаты – туған  елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, өнерге баулу,  өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, білім мен өз-өзін жетілдіруге деген құштарлықты арттыратын, елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген Мемлекет басшысының арқасында толағай табыстарға жетті.

Тәуелсіздік жетістіктері  жайлы  жазылған шығармаларды қала  мектептері мен жоғары оқу орындарының  білікті  оқытушылары №89 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мейра Сүлейменова, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлпан Сексенбаева, № 28 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Разия Сағынтайқызы бағалап, үздіктерді  анықтады.

Байқау жеңімпаздарына облыстық «Қоғамдық келісім» КММ атынан алғыс хаттар мен бағалы  сыйлықтар тапсырылды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15