Оңтүстікте иран халқының әдебиеті апталығы басталды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін А.С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында иран халқының әдебиеті аталығы басталды. 
Облыстық иран этномәдени бірлестігі мен кітапхана ұжымы ұйымдастырған апталық аясында парсы ақын-жазушыларының шығармалары, әлем әдебиетінің классигі Фирдоусидің «Шахнамасы» мен осы шығарма желісі бойынша салынған иллюстративті суреттер көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылады. 

Іс-шараның ашылуына Қазақстандағы Иран Ислам Республикасы елшісінің кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин, облыстық иран этномәдени бірлестігінің мүшелері, кітапхана оқырмандары мен жастар қатысты. 
Жиында сөз алған облыстық иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Нұрысбек Капар-Пур мұндай шаралар екі ел арасындағы рухани-мәдени ықпалдыстықты арттырып, достықты нығайтатынын айтты. 

Ал, елімізде барлық этностардың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, нығайтуға мол мүмкіндік жасалғанынына ризашылығын білдірген Иран елшілігінің қызметкері Масуд Шейх Зейнеддин кітапханаға елшілік атынан «Шахнама» дастанының қазақ тіліндегі аудармасын тарту етті. Ал, кітапхана басшылығы қонаққа Шымкент қаласының тарихы мен бүгінгі жетістігінен сыр шертетін кітап сыйлады. 

Айта кету керек, А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өңіріміздегі этностардың шығармаларына арналған бұрыш орнатылған. Ал, парсы халқының әдеби туындылары көрмесімен өңір тұрғындары қазан айының соңына дейін танысып, тамшалай алады.

Дата события Ассамблеи: 
Бейсенбі, 26 Қазан , 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.