You are here

«Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы ОҚО

09.11.2016, 09:47   739

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 8 қараша күні, сағат 16.00-де Шымкент қаласындағы жеңіл атлети­ка­лық спорт кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтті.

Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Жансейіт Түймебаев, ҚХА және аймақтық ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер мен  зиялы  қауым өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен студенттер (барлығы 5000-нан астам адам) қатысты.

Акцияның мақсаты  -  «Мәңгілік ел» жалпұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын қазақстандық қоғамда, әсіресе жастар арасында  ілгерілету, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына еліміздің барлық аймақтарындағы жастардың  қосқан үлесін және жетістіктерін көрсету.

Акция барысында «Мәңгілік ел жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» -  «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» кітабы салтанатты түрде облыс жастарына тапсырылды.  Кітапта  Тәуелсіздік жылдары жастардың қол жеткізген жетістіктері, өңірлерде  жастарға жасалған қамқорлықтар, сондай-ақ «Мәңгілік Ел» Патриоттық идеясының біріктіруші  рөлін және өңірлердегі  жастардың ел Президенті – Ұлт көшбасшысына  қолдауын көрсететін үндеулер жазылады.

Жазбаларда еліміздің барлық өңірлерінің жастары Елбасы басшылығымен Қазақстанның қол жеткізген зор жетістіктерін, оның шешуші факторы бейбітшілік пен келісім болғанын жазып, Елбасының бастамаларына қашан да  қолдау білдіруге  дайын екендіктері білдіріледі.

2016 жылғы 4 қарашада  Талдықорған қаласында  бастау алған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы Алматы  қаласынан кейін үшінші  болып, біздің облысымызда ұйымдастырылып отыр. Әрі қарай еліміздің барлық аймақтарында жалғасатын акция 28 қарашада Астана қаласында  қорытындыланбақ.

Оңтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам этнос өкілдері мекен етеді. Облыс бойынша 20 этномәдени бірлестік, ал қалалар мен аудан орталықтарында олардың 51 филиалы қалыпты қызмет көрсетіп келеді. Этномәдени бірлестіктер жанында 11 жексенбілік мектептер, ақсақалдар кеңестері мен жастар қанаттары жұмыс істейді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15