You are here

ҚХА-НЫҢ «ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИ ЖОБАСЫ

24.09.2016, 13:31   500

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 24 қыркүйекте   Талдықорғанның Тілдер сарайында «Жібек жолындағы жүздесулер» халықаралық жобасының «Орталық Азия: өңір халықтарының ынтымақтастығы мен келісімі» атты жалпы отырысы болып өтті.    

Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев,   «Жібек жолындағы жүздесулер» халықаралық жобасының жетекшісі,  қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, Қазақстанның  белгілі ғылым қайраткерлері, Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Голландия мен Қытайдан келген жетекші сарапшылар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының  Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және ғылыми-сарапшылық топтарының мүшелері, ҚХА кафедраларының өкілдері,  этномәдени бірлестіктер өкілдері,  БАҚ өкілдері қатысты.  

«Жібек жолындағы жүздесулер» халықаралық жобасының жетекшісі,  қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Мұхтарұлы Әуезов жалпы отырыстың  модераторы болды.

Отырыс негізгі проблемаларды талдап, оларды шешудің жолдары іздестіріле отырып, ашық, өзара сенім артылған әңгіме түрінде өтті.   

Жобаның белсенді қатысушысы, қоғам қайраткері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Ғаділбек Шалахметов  бұл жобаға қатысуының өзі үшін аса маңызды екенін атап айтты. «Біздің әу бастан бергі арманымыз «Жібек жолындағы жүздесулер» тек Қазақстанда емес, Орталық Азияның басқа елдерінде де өтсе деп едік, сол арманымыз жүзеге аса бастаған сияқты. Осыдан бірнеше күн бұрын Ош қаласында зияткерлер форумы болып өтті, онда да Жібек жолының мәселелері талқыланды.

Мен ежелгі және орта ғасырлық тарихы бар, Ілияс Жансүгіровтың ұлы поэзиясы бастау алған қасиетті Жетісу жеріндегі кездесуді толғана күттім. Біздің арамызда тамаша мамандар, тарихты терең білетін ғалымдар бар, сондықтан да бүгінгі жұмыс біз автобусқа отыра салысымен басталды. Биылғы жылы қатысушыларға Францияның, Ұлыбританияның, Түркияның, Оңтүстік  Кореяның өкілдері келіп қосылды. Мені осы қуантады. Біздің әрқайсымыз осы жобаның көмегімен өз ішіндегі тарихты қалпына келтіреді. Біз осылай істеген кезде, даналығымыз да арта түседі»,- деді  ол.

Күннің екінші жартысында «Орталық Азияда мәдени кеңестікті және бірегейлікті қалыптастырудағы «Жібек жолындағы жүздесулер» жобасының рөлі»: сын-қатерлер мен перспективалар» деген тақырыпта дөңгелек үстел форматында панелдік пікір алысулар өтті.  Пікір алысулар барысында қатысушылар Орталық Азия елдерінің мәдени және тарихи құндылықтарын заманауи қоғам, өзара әрекеттесулер және мәдениеттер диалогі, мәдени кеңістік пен бірегейлікті қалыптастырудағы келісімге қол жеткізу жолдары мәнмәтінінде одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.  

Мерейтойлық жобаның құрметті қонақтарының бірі Корея Республикасының Алматыдағы бас консулы Джон Сын Мин: «Жібек жолындағы жүздесулер» биыл Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтетін Қазақстан үшін мәні аса зор оқиға болып табылады.  Қазіргі әлемде осындай диалогтар өте маңызды деп санаймын. Шақыруды үлкен қызығушылықпен қабылдадым. Мен үшін ерте замандарда сауда керуендері өтіп қана қоймай, мәдениаралық байланыстар жүзеге асырылған Жібек жолының нақты бір бөлігінде болудың танымдық маңызы зор.  Әзірше туристік орталықтар болып табылмайтын қазақстандық қалалар мен елді мекендерде болу - осы көне жолдың тарихын жақсырақ білу үшін  көп пайдасын тигізері анық»,- деп атап көрсетті.

Отырыстың соңында қатысушылар биыл мерейтойлы болып отырған «Жібек жолындағы жүздесулер» халықаралық жобасының жалпы отырысының қорытындысын шығарды.

Жобаның ең соңғы аяламасы 25 қыркүйек күні Қапал бекінісі болмақ. Қатысушылар Алматы облысының Қапал селосындағы тарихи жерлер: Қапал батыр ескерткішіне, ақын Сараның мемориалдық музейіне және 1848 жылы Қапалға келген белгілі ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонның есімімен байланысты жерлерге барады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15