You are here

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді бейбітшілік пен келісімнің байтақ қаласы – Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!

04.07.2017, 17:19   500

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді бейбітшілік пен келісімнің байтақ қаласы – Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!

Астана – әлемнің ең әдемі және қарқынды дамып келе жатқан қалаларының бірі.

Елордамыздың – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының негізін қалаған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси стратегиясы, армандары мен жүзеге асқан ғаламат жоспарларының жарқын үлгісі.

Мемлекет Басшысының бастамасымен киелі жерімізде жаңадан байтақ қала, рухани жаңғырудың қайнары, халқымыздың мақтанышы мен бірлігінің символы пайда болды.

Астана күні қарсаңында еліміздің басты әуе айлағына Елбасы есімінің берілуі де айқын заңдылық.

Үстіміздегі жылы Астана «болашақ энергиясының» халықаралық саммиті ретінде елорда мен оның зор жетістігінің куәсі болған «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалаған сан мыңдаған қонақтар да қуаныштарын жасыра алмады.

Осы айтулы жылды біз сананың ашықтығына, қуатты және жауапкершілігі мол адамдары бар Ұлттың биік рухына жол ашатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға кірістік.

Оның сәтті іске асырылуы Астананы одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімдіміз.

 

Құрметті жерлестер!

Барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймыз!

Біздің мақтанышымыз, Президенттің ғаламат жобасы бұдан әрі қарай да әлемді таң қалдырып, жаһандық диалог пен халықаралық бастамалардың мекені бола берсін.

Астана – бәріміздің қуанышқа бөленіп, бақытымыздыт бағалайтын қаламыз.

Мереке құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар!

Жасай бер, Астана!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15