Этномәдени бірлестіктердің төрағалары Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы шешіміне қолдау білдірді

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Елбасы Н.Назарбаевтың қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қоюын тарихи әрі саяси маңызды шешім деп санаймыз. Кезең кезеңімен және жүйелі түрде жүзеге асатын байыпты бастамаға өз үлесімізді қосуға дайынбыз». Бүгін облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен дөңгелек үстелде облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак осылай деді. 

ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов жүргізіп отырған жиында латын графикасына көшу процесінде этномәдени бірлестіктердің алдында тұрған міндеттер кеңінен сөз болды. 

- Елбасы қазақстандықтардың алдына қойып отырған мерейлі міндеттерді нәтижелі іске асыруға білек сыбана кірісеміз. Латын графикасына негізделген әліпбиді әрбір азаматқа ұғынықты түсіндіру үшін сала мамандарымен бірлесе жұмыс істейміз. Жаңа әліпби арқылы дамудың даңғыл жолына түсуді көздеп отырған барша отандастырымызбен бірге бір сапта бой түзеп, рухани жаңғыруға нақтылы қадам жасаймыз, - деді жиында сөз алған облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төраймы Гузаль Темирова. 

Ал, облыстық түрік этномәдени бірлестігі жастар қанатының мүшесі Феруза Карипова әліпби нұсқасы әбден пысықталып жасалғанын, сондықтан латын графикасында жазу жастар үшін мүлдем қиындық тудырмайтынын айтты. Оның ойынша бұл қадам елімізде жаңа дәуірдің басталғанын білдіреді.

Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі қазақстандықтардың берекелі бірлігін одан әрі нығайтып, мемлекетіміздің дамуына жол ашады. Осындай бастамалардың арқасында еліміздің әлемдік қоғамдастықта беделі артады. Жиынға қатысушылардың дөңгелек үстел басында айтқан негізгі ой-пікірлері осындай болды.

Дата события Ассамблеи: 
Сейсенбі, 31 Қазан , 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.