You are here

«Балалар игілігі үшін мейірімділік сыйла»

21.09.2016, 16:37   2829

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Осы жолғы «Үміт Үзбеу» ҚҚ басты міндеті  - әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 80 балаға материалдық және моралльдық көмек көрсету болды.

Біз 80 балаға мектепке дайындалуға қолдау көрсеттік, Павлодар қаласынан көп балалы ата-аналар мен қамқоршылар көмек сұрап келді, соның ішінде Ленинский ауылы Май ауданы мен Железинка ауданы. «Павлодар облысы бойынша еңбектеніп жүрген әйелдер ісі жөніндегі комиссияның» Кәсіподақтың аймақтық бірлестігінің жетекшісі Даумова Р.Ж. қолдауымен барлық балаларға мүмкіндік болғанша киім-кешекпен, кеңсе тауарлармен және портфельдермен қамтамасыз етілді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 35 жетім балалар үшін «Бурбон» дәмханасында мерекелік дастархан жайылып, сыйлықтар табысталды. Біздің мақсатымыз – аз қамтылған отбасыдан және көп балалы отбасылардың балаларына қандай да бір себеппен мектепке бармауға жол бермеу (біз осы мәселені шешуге көмектестік). «Үміт Үзбеу» ҚҚ директоры – Гаухар Омарова.

Сонымен қатар, мұқтаж балалар үшін күнделікті қолданылатын заттардан  кәдесыйлар жасау бойынша «Өз қолынмен сұлулықты жаса» шеберлік классын өткіздік. Білім күні қарсаңында Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Үміт Үзбеу» ҚҚ Анна Шихованың  авторлық студиясымен бірлесіп аса қажеттілікті ететін балалар үшін іс шаралар ұйымдастырдық. Балалар үлкен қызығушылықпен бұл шараға қатысты. Біздің басты міндетіміз саусақтар жұмысын жақсылап дамыту болатын, өйткені кейбір балалардың моторикмен мәселелері бар. Балалардың шығармашылыққа, қоршаған ортаны тануға мүмкіндіктері болды. Шеберлік классы аяқталған соң, ыстық құмның үстінде батуттарда серуендеу үшін балаларды қалалық жағажайға апардық. Оларға қатты ұнады, олар сондай бақытты көрінді. Барлық іс шаралардан кейін «Крендель»  дәмханасында түскі ас ұйымдастырылды. «Біз балалардың барлығы сыйлықтармен қайтуды жоспарладық» - деп  «Үміт Үзбеу» ҚҚ  жетекшісі  Гаухар Омарова атап өтті. – осындай шеберлік класстарды әрі қарай өткіземіз, бірақ ол үшін материалдарды сатып алу керек, бәріне белгілі ондай қаражат бізде жоқ.

Кезекті біздің шарамыз, Абышева Тахминаның емделуіне арналған  «Жүректен жүрекке» қайырымдылық концерті.

Біздің жоспарлағанымыз ойымыздан шықанымызға өте қуаныштымыз. Меніңше, осындай жағдайда Алланың құдіреті біздің жанымызда. Осы күні жанымызда болған жандарға жылы сөздер айтқым келеді. Мейірімді жандардың қатары  жылдан жылға ұлғайып келетініне сондай қуанамын Қосылындар «Балалар игілігі үшін мейірімділік жасаңыздар».

«Үміт Үзбеу» ҚҚ  директоры  Гаухар Омарова

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15