Ақпараттық хабарлама

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2014 жылғы 25 қарашада сағат 16.00-де облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және насихаттау бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы «Нұрлы жол» – бейбітшілік, тұрақтылық, өркендеу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізеді.
Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, жастар қанаттарының төрағалары, ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың, Аналар кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.