Достық үйі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ-нің құрылуы туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы №837 Жарлығымен «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды.

2014 жылғы 19 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналды мемелекеттік мекемесін құру туралы» №264 қаулысы қабылданды.  

Соның негізінде, «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналды мемелекеттік мекемесіне «С.Сейфуллин атындағы Достық үйі» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құру туралы облыс әкімдігінің 2014 жылғ 8 қыркүйектегі №283 қаулысы қабылданды.

Мекеменің мақсаттары мен міндеттері

«Қоғамдық келісім» КММ- і  қызметінің негізгі мақсаты:

- Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жүзеге асыру;

- халықтың бірлігін, қоғамдық келісім мен ұлттық-мемлекеттік біртектілікті нығайту,

- өңірде мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруға қолдау көрсету;

- этностардың мәдениетін, тілін дамыту мен жаңғырту, қоғамдық келісімді нығайтуда белсенділігін арттыру, сонымен қатар, ұлттық дәстүрлер мен қолөнерді насихаттауда этномәдени бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру  мен үйлестіру; 

- Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған көпшілік іс-шараларын ұйымдастырып, өткізу.

«Қоғамдық келісім» мекемесінде 4 бөлім жұмыс істейді, олар:

- Этносаралық қатынастар саласының ахуалдық мониторингі және талдау бөлімі;

- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру және әдістемелік әзірлемелер бөлімі;

- Этномәдени бірлестіктермен жұмыс жүргізу бөлімі;

- Қоғамдық-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі.

«Қоғамдық келісім» КММ- нің жалпы штат саны аудандық 5 филиал мен шаруашылық бөлімінің қызметкерлерін қоса алғанда 71 қызметкерден құралған.  

Бүгінгі таңда жаңа мекеменің қызметі соны бағытта жүргізіліп келеді, алдағы жоспарлардың да бағыты жаңашылдыққа негізделген.